Description
Қазіргі таңдағы балабақшалар әр бақытты отбасының бір проблемасымен
бөлісіп, тығырықтан шығу жолындағы бір жұмысын өз мойнына алып отыр.
Балабақша ата – ананы да тәрбиелеп, кеңес беріп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуді
дәстүрге айналдырып, адами құндылықтарды бала бойына сіңіріп, толыққанды,
тәрбиелі болашақ адамды қалыптастырады. Осы тұрғыдан қарағанда мектепке
дейінгі мекеме ұйымы тек қана баланы оқыту мен дамыту жұмысын қолға алмай,
сонымен қатар қоғаммен де жұмыс жасай білуді игереді. Тәрбиеші үшін әр
отбасымен жұмыс жасау – бұл үлкен, қажырлы еңбекті талап етеді. Әр жаңашыл
отбасымен тіл табысуда тәрбиеші ата – ананың тілін табатындай тәсілдермен
жұмыс жасауы қажет.