Description
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау
және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен
қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.
Отбасы – балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін
бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы
балалар үшін ерекше. Отбасы жүйесіндегі ғалымдар мен мамандар арасында
(Т.А.Маркова, О.Л.Зверева, Е.П.Арнаутова, В.П.Дуброва, И.В.Лапицкая және
т.б.) отбасылық институт – эмоционалдық қатынастар институты деп бекер
саналмаған. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан
ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес,
қандай болса солай сүйгенін қалайды.